Репрессиядан аман қалдық
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси қуғын-сүргін миллиондаған адамдардың тағдырына әсер етті. Лисаков қаласында музейге келіп түскен ақпарат нәтижелері бойынша 2021 жылдың қараша айында саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған барлық тұрғындар ақталды.
Ең көп топты ұлттық белгілері бойынша қуғын-сүргінге ұшырағандар құрады. Олардың көпшілігі – Поволжьеден, Қырымнан, Ставрополь өлкесінен, Запорожье облысынан Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Көкшетау Қазақ КСР облыстарына жер аударылған немістер.
О.Э.Гребенюк отбасылық архивте 1941 жылғы 30 тамызда Саратов облысынан шығарылған күні отбасы басшысына жасалған есептік анықтаманың көшірмесі сақталған, карточкада отбасының барлық мүшелері көрсетілген, эшелон нөмірі – "802" көрсетілген, 1941 жылғы 2 қыркүйекте отбасы Қостанайға келген деп жазылған Ақталғандардың арасында қоныс аударуға ұшырамаған, бірақ тұрғылықты жері бойынша Надеждинка, Смайловкада 1954-1956 жылдарға дейін қозғалыс құқығынсыз арнайы есепте тұрған неміс отбасыларының өкілдері де бар.
Ұлттық белгілері бойынша қуғын-сүргінге ұшырағандардың қатарында 1937 жылы Қиыр Шығыс өлкесінен жер аударылған кәрістердің отбасы мүшелері және 1944 жылы Қырымнан жер аударылғандардың ішінде болгарларларда болды.
Қуғын-сүргінге ұшырағандардың фотосуреттері, олардың жеке құжаттары тарихтың қатыгез беттерінің объективті айғақтарына айналды, оларды әрқашан есте сақтау қажет.
Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейі
басшысының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ю.П.Буданова
https://lisakovsk-museum.kz/kz/novosti-kz/1064-t-uelsiz-aza-stan.html#sigFreeId2566c82839